
Главная /
Объявления
16.09.2021
Қазақстанда ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті
ҚР БҒМ-ге ведомстволық бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйегінен бастап өсті. Енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушы кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор - 260 мың теңге, профессор - 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында - 400 мың теңге) алады.
«Мемлекет басшысының қолдауының арқасында Министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне минималдық жалақы белгілеу туралы бұйрық қабылдады. ҚР БҒМ-ге бағынышты жоо оқытушыларының жалақысы артты. Сондай-ақ бір ставканың максималды көлемі енді бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды. Яғни, оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысуы үшін мүмкіндік пен уақыттың көбірек болуын көздейді», - деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы жоо оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын. 2019 жылғы қыркүйекте БҒМ-ге ведомстволық бағынышты жоо профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы 20%-ға, 2020 жылғы қыркүйекте тағы да 20%-ға ұлғайтылды. Жалақыны едәуір арттыру барысында оның минималдық мөлшері және педагогикалық жүктеменің максималды көлемі белгіленді.
ҚР БҒМ
Вернуться назад |
|
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 8 (727) 390 60 05
Приемная комиссия/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|