қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
05.05.2021

«Педагогикалық ғылым мен білім берудің өткені, бүгіні және болашағы»

халықаралық дөңгелек үстел өтеді

 

 

2021 жылғы 27 мамыр күні сағат 10.00 педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі Григорий Абрамович Умановтың 90 жылдығына арналған «Педагогикалық ғылым мен білім берудің өткені, бүгіні және болашағы» халықаралық офлайн және онлайн-режимдерінде дөңгелек үстел өтеді.


Дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырамыз.


Халықаралық дөңгелек үстелге қатысушыларды тіркеу: 9.00-10.00 сағ.

 

Дөңгелек үстелдің басталуы: сағат 10.00.

 

Онлайн режімде ZOOM конференциясына қосылу


ZOOM

https://zoom.us/j/92548107165

 

Конференцияның идентификаторы: 925 4810 7165

 

Кіру коды: 140244

 

Дөңгелек үстелдің ОФЛАЙН өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ (каб. 320). (бекітілген тізімге сәйкес).

 

Халықаралық дөңгелек үстелдің мақсаты - педагогикалық ғылым мен білім берудің жағдайы мен даму болашағын талқылау: отандық және шетелдік тәжірибе, пікір алмасу.

 

Дөңгелек үстелге жоғары білім беру басшылары мен мамандары, ЖОО, колледж оқытушылары, жас ғалымдар, пост-докторанттар, PhD докторанттар, магистранттар шақырылады.

 

Дөңгелек үстелді өткізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

 

Ақпараттық хат