қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
09.07.2020

Магистратура мен докторантураға түсушілерге арналған шет тілінен тестілеу


Пандемияға байланысты БҒМ магистратура мен докторантураға түсу үшін Duolingo және IELTS INDICATOR онлайн тестілердің сертификаттарын қабылдауға рұқсат берді

Duolingo English Test және IETLS Indicator прокторингтің заманауи жүйелерін пайдаланады. Тестілеу көшіріп алуға мүмкіндік бермейтін ақпараттық жүйелер арқылы өткізіледі.

Магистратураға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады. IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 6,0-дан кем емес, Duolingo English Test бойынша - 95-тен кем емес болуы қажет.


Докторантураға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат міндетті болып табылады. IELTS INDICATOR бойынша шекті балл - 5,5-тен кем емес, Duolingo English Test бойынша - 85-тен кем емес болуы қажет.

IELTS INDICATOR сертификатының қолданылу мерзімі 2 жылды құрайды, ал Duolingo English Test сертификаты 1 жылға дейін жарамды.

Толық ақпарат ҚР БҒМ ресми сайтында.

Ақпарат көзі: @edu_news_qz