қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
30.03.2023

Жаратылыстану және география институтының студенттерімен ашық аспан астында психологиялық тренинг өткізілді

 

2023 жылғы 30 наурызда «Психологиялық қызмет» секторы психологтарының ұйымдастыруымен ашық аспан астында «Жеке тұлғалық даму» психологиялық тренинг өткізілді. Тренингке Жаратылыстану және география иснтитутының студенттері қатысты.

 

Психологиялық тренингтің басты міндеті студенттердің тұлғалық дамуына бағытталған. Тренингтің мақсаты студенттерге өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғалық даму кезеңдерін түсінуге, стандартты ойлау шеңберінен шығуға және өздерін жақын тануға көмектесу.

 

Студенттермен байланыс орнату мақсатында тренинг «жарнама» таныстыру жаттығуынан басталды. Тренинг барысында студенттер бір-бірін жақын танып, қарым-қатынас дағдыларын игерді. Тренингтің негізгі бөлігінде «қысым» жаттығуы жасалып, оның мәні студенттерге психофизиологиялық қысымдарды алып тастауға және релаксация әдістерін қалыптастыруға мүмкіндік беру болды. Қатысушылардан кері байланыс алу мақсатында тренинг соңында рефлексия жүргізіліп, студенттерден жағымды әсер алып, кері байланыс орнатылды.

 

Тренинг соңында студенттерге психикалық жай-күйін қалыпты деңгейде ұстауға көмегін тигізетін арнайы ұсыныстары бар флаерлер таратылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Психологиялық қызмет» секторы