қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.03.2023

«Абайдың «Толық адам» ілімі және қоғамдық сананы жаңғырту» кітабының тұсаукесері


2023 жылғы 28 наурызда Абай университетінің 95 жылдығына орай Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті және «Хәкім Абай» ғылыми - зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Жабал Шойынбеттің «Абайдың «Толық адам» ілімі және қоғамдық сананы жаңғырту» кітабының тұсаукесері өтті.

 

Іс-шараға қатысушылар автордың ғылыми еңбектері қойылған кітаппен және көрмемен танысты.

 

Кітаптың тұсаукесер рәсімінде Абай университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов пен Жабал Шойынбеттің ұстазы, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы кітап лентасын қиды. Іс-шара барысында автор Жабал Шойынбет қатысушыларды кітаптың мазмұнымен таныстырды. Кітапта еңбектері талданған абайтанушы ғалымдар М.Мырзахметұлы, О.Сәбденов, Қ.Салғарин, С.Оразалиев, М.Әліпхан, М.Бекбосынов, Д.Мұхамадиевтің еңбектеріне қысқаша шолу жасалып, олардың еңбектеріндегі Абайды зерттеудегі жеткен табыстары талданды.


Академик О. Сәбденов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Ж. Әубәкіров, университеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Әлмұхамбетов өз пікірлерін ортаға салды.


Іс-шара соңында Ш.Нұрланов университет басшылығы атынан М.Мырзахметұлы мен Ж.Шойынбетке арнайы сыйлықтар табыс етіп, алдағы ғылыми қызметтеріне шығармашылық табыс тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті