қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
15.03.2023

«Амал келді - жыл келді!» мерекелік іс-шара өтті


2023 жылдың 14 наурызында университетіміздің 95 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен Математика, физика және информатика институтының ұйымдастыруымен «Амал келді - жыл келді!» мерекелік іс-шарасы өтті.

 

Іс-шараға Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының ғылым және білім беру саласымен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы Қасыметова Бақытгүл және Математика, физика және информатика институтының директоры Сыдықов Бақыт қатысып, жастардың өнерін тамашалап, шығармашылық шыңға өрлей беруін тіледі.

 

Мерекелік кеште институттың белсенді жастары ән айтып, күй орындап, тамаша көңіл-күй сыйлады. Ұлттық салт-дәстүрді дамыту мақсатында көрермендермен «Асық» ойыны ойнатылып, шараға қатысушыларға бауырсақ пен наурыз көже ұсынылды.

 

Кеш соңында студенттердің Амал мерекесіне дайындаған қойылымы көрсетіліп, патриоттық ән шырқалды.

 

Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі,

Математика, физика және информатика институты