қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
13.03.2023

Болашақ мамандықты таңдауға көмектесу

 

2023 жылдың 11 наурызында Жаратылыстану және география институтында «Ukids» Ұлттық Біріңғай Тестілеуге даярлау орталығының бітіруші жас түлектерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге келген оқушылардың басым көпшілігі жаратылыстану бағытындағы бейіндік пәндерді таңдағандар.


Бұл іс-шараның мақсаты талапкерлерге болашақ мамандық таңдауға көмектесу, институттың оқу процесімен таныстыру.


Ұйымдастырушылар: институттың кәсіптік бағдар беру жұмыстарына жауапты тұлғалар Ерлан Бірталаев, Жанар Жақсыбаева, Нұрбол Усенов және «География және экология» кафедрасының доценті Сәкен Иркитбаев.


Мектеп оқушылары институттың жаңадан жабдықталған географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) кабинеті мен химия, биология кафедраларының оқу зертханаларымен танысып, студенттердің жасаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын тамашалады.


Кездесудің соңында Абай мұражайына экскурсия жасалынды. Оқушылар ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=