қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
10.03.2023

Абай университетінің 12 студенті Courser курсының сертификатын алды

 


 

Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері үшін Coursera халықаралық білім беру платформасына қолжетімділікті қамтамасыз етті.

 

Абай университеті Coursera жобасына қатысқан еліміздегі алғашқы оқу орындарының бірі. Университетте Coursera курстарына 1500 адам қатысты, оның 905-і бакалавриат, 595-і магистратура білім алушылары. Coursera курсын 38 білім беру бағдарламасы бойынша: 11 бакалавриат бағдарламасы, 27 магистратура бағдарламасы бойынша оқуда.

 

Университет студенттері мен магистранттары «business», «math-and-logic», «personal-development», «physical-science-and-engineering» бағыттары бойынша «Project Management: The Basics for Success», «Python Data Structures», «Fundamentals of Management» және т.б. Coursera-ның 34 курсына жазылды.

 

Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖАОК пайдаланудың төрт үлгісін ұсынды: Тек ЖАОК: пәнді толығымен ауыстыру; ЖАОК-қолдау; Аралас оқыту «+ЖАОК»; Аралас оқыту «ЖАОК+».

 

Ағылшын тілін білмейтіндер үшін платформа қазақ және орыс тілдеріне аударылған курстарды ұсынады. Сондай-ақ Amazon өкілдерімен бірлесіп білім алушылар үшін ағылшын тіліндегі курстар қарастырылған.

 

Бүгінде Абай университетінің Математика, физика және информатика институтының, Филология институтының және Педагогика және психология институтының 12 студенті Courser курсына қатысып, сертификаттар алды.

 

10.03.2023 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz