қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
27.02.2023

Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік брендке айналдыру жолдары талқыланды

 


 

2023 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасының​ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев​ Абай университетінің студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу қызметімен таныстырып, мектептермен​ байланысты нығайту және еліміздің болашақ педагогтарын қалыптастыру бағытында іске асырылып жатқан жобалармен бөлісті.​

 

Жиын барысында білім саласындағы бірінші кезектегі міндеттер, «Педагог» ұғымының құндылығы, білім беру мен кадрлар даярлау сапасын арттыру, қазақстандық мұғалімдердің мәртебесін көтеру мәселелері талқыланды. Бұл шаралар жас ұстаздарға үлкен мүмкіндіктер беретіні баса айтылды.

 

Министр қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік брендке айналдыру, педагогикалық білім беру тұжырымдамасының құндылығын арттыру, мұғалімдердің мықты базасын және мектеп директорларының кадрлық резервін құру, жас мұғалімдер қатарынан мықты кадрлар даярлау, жоғары педагогикалық этикасы бар мамандарды қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, мектептер мен республикалық кітапханалар үшін жағдай жасау мәселелеріне назар аударды. ​Ғани Бейсембаев кітапханаларға жағдай жасау және оларды ғылыми-педагогикалық, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, білім беру бағдарламалары мен стандарттарына тиімді инновациялар енгізу, әдістемелік ұсыныстар, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту, мектеп оқулықтарының авторларына қойылатын талаптар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.

 

Кездесуде студенттер мен оқытушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, орта білім беру жүйесін жетілдіру бойынша өз ойларын ортаға салды.

 

27.02.2023 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz