қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.09.2022

Абай атындағы ҚазҮПУ докторантының халықаралық симпозиуміндегі дебюті

 

2022 жылдың 21-22 қыркүйегінде Бішкек қаласындағы «Манас» Қырғыз-түрік университетінде белгілі түрколог Түнжар Гүленсойды еске алуға арналған жас түркологтардың ІХ Халықаралық симпозиумы өтті. Қазақстаннан қатысқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің постдокторанты, Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі Жаңагүл Саметова (ғылыми кеңесшісі ф.ғ.д., профессор Сәуле Әбішева) симпозиумның пленарлық мәжілісінде баяндама жасады.

 

Пленарлық мәжілісте өз тақырыптарын қорғаған Қырғызстан, Түркия, Қазақстан, Корея, Чили өкілдеріне түркі елдеріне белгілі лингвист ғалым, ғылым докторы, профессор Лейла Карахан қатысушы сертификатын табыс етті. Біз де өз кезегімізде, жас ғалым Жаңагүл Саметоваға сәттілік тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=