қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
20.09.2022

ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша ашық дәрістер

 

2022 жылдың 20 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылау бойынша ашық дәрістер өтті. Қатысушылар - Сорбонна-Қазақстан институты мен Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттері мен магистранттары.

Іс-шарада Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясатын дамыту департаменті директорының м.а. Ділдабек Дидарбек алғы сөз сөйлеп, Жолдаудың негізгі бағыттары туралы айтып өтті. Модераторлары - Өнер, мәдениет және спорт институтының «Көркем білім» кафедрасының доценті, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Болатбек Нұрбатыров, Сорбонна-Қазақстан институтының «Халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі Н.Ш. Жамансарин, сондай-ақ доцент Меңілбаев Г. А. және профессор Сембинов М. К. сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының барлық бастамаларын белсенді түрде талқылап, Қазақстанның өскелең ұрпағын әлеуметтік қолдау, білім беру сапасын жақсарту және жас мамандарды даярлау мәселелеріне ерекше назар аударды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=