қазақша · русский · english
 
 
 
07.10.2025

«BRINGING LIGHT TO YOUR CREATIVITY» ШЕБЕР СЫНЫБЫ


2025 жылы 1 қазанда Алматы қаласындағы №210 мектеп-лицейінде «Әлем тілдері» факультеті, «Шетел тілдері» кафедрасының 3 курс студенттері ұйымдастырған «Bringing light to your creativity» шебер сыныбын өтті.

 

"Жарық сыйлаған шығармашылық" атты мастер-класс - шығармашылық қабілетті дамытуға, эстетикалық танымды кеңейтуге және көркемдік ойлауды қалыптастыруға бағытталған білім беру іс-шарасы. Бұл мастер-класс, әсіресе, оқушылар мен жастардың ішкі дүниесін жарыққа шығаруға, өз талантын ашуға мүмкіндік береді.

 

Шебер сыныбының мақсаты:

 

- Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- Эстетикалық талғамын арттыру, өнер арқылы ішкі эмоцияны жеткізе білуге үйрету;

- Жарық пен түстің үйлесімін түсінуге бағыттау (мысалы, көркем сурет, фотосурет, сәндік қолданбалы өнер т.б.);

- Өзіндік идеяларды еркін жеткізуге, креативті ойлауға баулу;

- Өнер арқылы эмоционалды интелекті жетілдіру және өзін-өзі тану қабілетін арттыру.

 

Қысқаша сипаттамасы:

Шебер сыныпта қатысушылар түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындайды (мысалы, жарық пен көлеңке көмегімен сурет салу, визуалды инсталляциялар жасау, фотосуреттегі композицияны талдау т.б.). Шара барысында оқытушы немесе арнайы маман шығармашылық процестің кезеңдерін түсіндіріп, қатысушылармен бірге практикалық жұмыс жүргізеді.

 


  alt=  

  alt=  




Вернуться назад