қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.11.2020

Эстон ғалымының дәрістері

 

2020 жылдың 9-21 қараша аралығында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында визит-профессор ретінде Таллин университетінің (Эстония) ғалымы, PhD докторы Александр Данилевский жұмыс істейді.

 

Әдебиеттанушы орыс және еуропалық филологтар арасында орыс эмиграциясының тарихын білуші ретінде танымал. Кафедраның студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушыларына оның «Бірінші толқын орыс эмиграциясының мәдениеті мен әдебиеті» курсын тыңдап, көз жеткізуге сәтті мүмкіндік туды.

 

Ғылыми кездесулердің қашықтық форматы байланысқа кедергі келтірмейді. А. Данилевскийдің дәрістері оның дәріскер ретінде жан-жақты білімдарлығы мен тақырыпқа жан-тәнімен қызығушылық таныту арқылы тыңдаушыларын бағындырады. Эстон ғалымдарымен бірге біз ХХ ғасырдың басына, оның миллиондаған адамдардың тағдырына әсер еткен қайғылы оқиғаларына куә болған сияқтымыз.

 

Көптеген жылдар бойы оқырманнан ажырап қалған орыс шетел әдебиеті бүгінде әртүрлі елдердің әдебиеттанушыларымен белсенді зерттелуде. А. Данилевскийдің дәрістерінің арқасында біз де осы процестің қатысушысы болдық.

 

   

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы