
Main /
Announcements
12.06.2025
Математика және математикалық моделдеу кафедрасының кеңейтілген талқылауы өтеді
2025 жылы 23 маусымда сағат 12:00-де Математика, физика және информатика факультеті математика және математикалық моделдеу кафедрасының кеңейтілген отырысында «8D05401 - Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Мақұлбай Әсел Бекзатқызының «Аралас типтегі теңдеу үшін жинақталған шартты есептер» атты тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.
Кафедраның кеңейтілген отырысы оффлайн және онлайн форматта өтеді. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды. Қорғау тілі - қазақ тілі.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Бердышев Абдумаувлен Сулейменович - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы қ., Қазақстан); Зикиров Обиджан Салижанович - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті (Ташкент қ., Өзбекстан).
Адил Наурызбай - PhD, аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Шакир Айдос - PhD, аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Папышев Алпыс Абдешович - педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
ZOOM: https://zoom.us/j/9771666805?pwd=Bycqm6iLZvaUdNra5qHI3raexLEDwx.1&omn=98873257420 Идентификатор: 977 166 6805 Код: 1234 Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би к., 86, аудитория 322.
Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|