
Main /
Announcements
28.05.2025
«IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR) - 2025» Халықаралық рейтингісінің нәтижелері Құрметті әріптестер!
Сіздерді «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR) - 2025» Халықаралық рейтингінде жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «ТОП-20» Жалпы рейтингі нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ 4-орынға ие болды. Ал Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында университетіміз көш бастап, 1-орынға ие болды.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы профессор-оқытушылар құрамының «ТОП-50» жалпы рейтингісіне университетіміздің 3 оқытушысы енді: · Хамзина Ж.А. - 22-орын, · Косов В.Н. - 34-орын, · Бердышев А.С. - 50-орын.
«Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша ғылым салаларына арналған институционалдық рейтинг нәтижесінде университетіміз бакалавриат және докторантура деңгейлері бойынша 1-орынға, ал магистратура деңгейі бойынша 2-орынға ие болды.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім бағдарламалары топтары бойынша рейтингіде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 71 білім бағдарламасы жүлделі орындарға ие болды. Олардың ішінде: · 36 ББ - 1-орын, · 19 ББ - 2-орын, · 16 ББ - 3-орын алды.
Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|