
Main /
Announcements
22.04.2024
2024-2025 оқу жылына Абай университетінің студенттерін жатақханаға орналастыру бойынша онлайн құжат тапсыру басталды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2024-2025 оқу жылына арналған 1-3 курс студенттерін жатақханаға орналастыру бойынша онлайн құжат тапсыру басталды.
Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерін 2024-2025 оқу жылына жатақханаға орналастыру алгоритмі:
2024 жылғы 19 сәуір - 10 мамыр аралығында жоғарғы курс студенттерінен жатақханаға орналасуға онлайн өтініштерді қабылдау;
№1 жатақхана - Төле би көшесі, 35 мекенжайында орналасқан. Сыйымдылығы - 280 орын;
Студенттер мен ата-аналар арасында жатақханаға орналасу бойынша келеңсіз жағдайлар орын алмауы үшін 2024 жылдың 1 маусымы - 10 қыркүйек аралығында Қазыбек би көшесі, 30/1 мекенжайындағы Abai Student Center коворкингте «Ахуалдық орталық» қызметке қосылады. Ахуалдық орталықта университет қызметкерлері студенттер мен ата-аналарға кеңес беру қызметін атқарады. Сонымен қатар, өтініштерді қарастыру сұрақтары бойынша жедел желі іске қосылатын болады.
«Ахуалдық орталық» және жатақханалар 2024 жылдың 28-30 тамыз аралығында тәулік бойы жұмыс істейді.
Байланыс деректері: +7 700 381 7176 Қайнар Маликов; +7 700 586 8209 Айгерім Нұрмұханбетова
Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|