қазақша · русский · english
   
  Main  News
22.11.2018

Желтоқсаншылармен кездесу өтті


2018 жылдың 21 қарашасы күні Медеу ауданы әкімдігі және Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің ұйымдастырумен «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» тақырыбында желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу кеші өтті.


Кездесуге «Желтоқсан жалауы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Үміт Босманова мен бірлестік мүшелері Азат Көкен, Ағзамбек Айқынбаев және Медеу ауданы Ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысты.


Шараны университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов ашып, қонақтарға сөз берді. Кеш қонақтары Аманғазы Кәріпжантегі, Бейсенбай Құсбеков, Мұрат Малаев, Ләйлә Мыңжасарова 1986 жылғы 16-18 желтоқсанда алаңда болған оқиға жөнінде өз көргендерін айтып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Мұнан соң мектеп өнерпаздары патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқып, 9-сынып оқушылары «Желтоқсан ызғары» драмалық көрініс көрсетті.


Шара барысында желтоқсаншылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайындағы бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті. Жиын соңында университетіміздің бірінші проректоры барша қатысушыларды алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бірлестік мүшелеріне естелік сыйлықтарын табыс етті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты департаменті