
Main /
Announcements
14.10.2022
«Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы» жастар форумы өтеді
2022 жылдың 22 қазанында «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін ұлттық құндылыққа баулу» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы» тақырыбында жастар форумы болады. Форумға бастауыш білім беру мамандығының студенттері қатысады. Форумда ұлттық құндылықтар жайлы жастардың көзқарастары мен пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер талқылынады.
Дебат (пікірталас) тақырыптары: 1. «Бесіктегі баланың бек боларын кім білер?» 2. «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» 3. «Отбасының сәні - сыйластық» Форумда: «Qazaqstan & Men» тақырыбы бойынша бейнероликтен байқау ұйымдастырылады. Бейнероликке қойылатын талаптар: 1. Тақырып мазмұнын ашатындай сапалы түсірілуі; 2.Түсірілген видео 2-минуттан аспауы; 3) Креативті болуы қажет. Бейнематериалдар 2022 жылдың 20 қазанына дейін r.bazarbekova@abaiuniversity.edu.kz почтасы арқылы қабылданады. Байқау қорытындысы мен марапаттау рәсімі 22 қазанда 15 аудиторияда өтеді. Kahoot: «Intellectual contest Polyglot» Спектакль: Д.Исабеков «Әпке» (2 курс студенттері)
ҚАТЫСУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!! I, II, III дәрежелі дипломдар мен сыйлықтар беріледі.
Мекенжайы: Төле би 31, №3 корпус. Байланыс нөмірі: 8 (702) 4021130, 8 (777) 6565557
Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|