қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
15.09.2022

«Абай атындағы қазақ ұлттық  педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  (бұдан әрі - Университет) бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды


ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ИНСТИТУТЫ - 2

Ғылым докторы немесе кандидаты ( PhD докторы) дәрежесі

Дизайн кафедрасының меңгерушісі

1

Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі

1

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесі, білім беру ұйымдарында немесе ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.;

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1. Университетте жұмыс істейтін қызметкерлері:

1) Басқарма Төрағасы - ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (1 қосымшаға сәйкес);

2) Үміткерлердің қағаз немесе электрондық форматтағы сауалнамасы (2-қосымшаға сәйкес)*;

3) Үміткерлердің қызметін бағалау жөніндегі сауалнама (3-қосымшаға сәйкес) *;

4) Институт отырысының шешімі;

5) Бас ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде);

6) Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда);

7) Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде).

2. Университеттің штаттық емес үміткерлері:

1) Басқарма Төрағасы - Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (1 қосымшаға сәйкес);

2) Үміткерлердің қағаз немесе электрондық форматтағы сауалнамасы (2 қосымшаға сәйкес)*;

3) жеке куәліктің көшірмесі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат, салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;

4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін), кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

5) Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

6) Наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде тіркелмегендігі туралы медициналық анықтамалар;

7) Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда);

8) Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде).

9) Бас ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде);

10) Соңғы жұмыс орнынан мінездеме немесе ұсыныс, өмірбаян.

 

Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай - ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары берген білім туралы құжаттар Білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.

 

Конкурсқа қатысуға құжаттар және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, өтініш барлық құжаттармен бірге конкурс өткізу басталғанға дейін өтініш берген тұлғаға қайтарылады.

 

Конкурсқа қатысуға өтініш пен құжаттарды беру мерзімі:  2022 жылдың «26» қыркүйегіне дейін (қоса алғанда).

 

Құжаттарды қабылдау қолма-қол мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13. Кадр саясаты бөлімі (№103 кабинет); сағат 9-00-дан 18-00-ге дейін. Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57;

* Сауалнама деректерімен жұмыс істеу рәсімі:

Үміткерлердің әрқайсысы ұсынылған "Үміткердің анкетасы" бланкісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, үміткердің академиялық кезеңдегі қызметінің нәтижелерін көрсететін жеке көрсеткіштер негізінде толтырады;

сауалнамаларды толтыруды үміткерлер "өлшеу жиілігі" сауалнамасында көрсетілген кезеңде қол жеткізілген нәтижелер негізінде жүргізеді.

Үміткерлерге арналған сауалнамасының электронды файлын сақтауға қойылатын талаптар:

Үміткердің Тегі_аты_кафедрасы_сауалнама (жеке куәлік бойынша тегі, аты және әкесінің аты (бар болса). Үлгі: Абаев_Абай_Дизайн_Сауалнама. "Үміткердің сауалнамасын" жіберуге арналған электрондық пошта мекенжайы: hr.konkurs-2022@abaiuniversity.edu.kz

 

 



18

Вернутся назад