
Main
News
11.12.2017
«Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді дамытудың заманауи міндеттері» тақырыбындағы мәжіліс
2017 жылдың 8 желтоқсаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен ҚР БҒМ РОӘК «Білім» мамандықтар тобы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген мәжілісі өтті.
Мәжілістің мақсаты - Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді дамытудың көкейкесті мәселелерін анықтау.
«Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді дамытудың заманауи міндеттері» тақырыбында өткізілген мәжіліске Оқу-әдістемелік бірлестігінің құрамындағы жоғары оқу орындарының 7 ректорлары мен 54 өкілдері, 9 облыстық (қалалық) білім басқармасының басшылары мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің өкілдері, Алматы қаласының мектеп директорлары қатысты.
Кеңейтілген мәжіліс барысында педагогикалық кадрларды орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес даярлау және инклюзивті білім беру үшін педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларын жетілдіру туралы мәселелері, оқу құралдарын РОӘК ОӘБ грифтеріне ұсыну қарастырылды.
ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов алғы сөзінде жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуге байланысты Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беруді дамытудың көкейкесті мәселелері мен перспективаларын қарастыру, бағдарламаны жүзеге асыру барысында педагогикалық кадрларды даярлауға қойылатын талаптар, жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге орай жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларына, студенттердің біліктілігін критериалды бағалау жүйесіне өзгерістер енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім
Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|