
Main /
Announcements
12.01.2021
Грантқа ауысу тәртібі
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде бакалавриат немесе магистратура білім беру бағдарламалары бойынша босаған бос білім беру гранттарын тағайындау тәртібі
Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, оқудың барлық кезеңінде тек «өте жақсы» және «жақсы» (А, А-, В+, В, В- және С+ (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап)) бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үрдісінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бос тұрған орындарға төменде көрсетілген тәртіптермен жүзеге асырылады:
Бакалавриат бойынша:
- жоғары білімнен кейінгі деңгейдегі қорытынды аттестациялауды ұйымдастыру бөлімі білім алушының өтініші мен құжаттарын, білім көрсеткішіне әсер ететін оқу үлгерімі қорытындысын және университеттің Ғылыми Кеңесіне жолданған мемлекеттік грантқа ауыстыру туралы директораттың ұсыныс хатын қарастырады; - ұсынысты ескере отырып, университет Ғылыми Кеңесі мемлекеттік білім грантына ауыстыру туралы немесе ауыстырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Конкурспен бөлінген білім гранттарынан қалған бос білім гранттары оқыту формасына қарамай мамандықтарды дайындаудағы ішкі бағыттар бойынша үлгерімінің жоғары орташа ұпайына (GPA) байланысты конкурстық негізде беріледі.
Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|