
Main /
Announcements
31.07.2020
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 17 тамызда басталады
Оқуға түсушілердің жеке кабинеттеріне (ҰТО сайтында) КТ өткізілу күні, уақыты және орны көрсетілген жаңа рұқсаттамалар жіберіледі. Тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электрондық нысанда беріледі. КТ 18 өңірлік тестілеу орталығының базасында компьютерлік форматта өтеді. Академиялық адалдықты сақтау мақсатында әр компьютер бейнекамерамен қамтамасыз етіледі.
Әр қатысушы үшін тестілеу дербес басталады. Тестіленушілер сұрақтарды өткізіп жіберіп, алдыңғы сұрақтарға қайта орала алады және жауап нұсқаларын өзгерте алады. Тестілеу аяқталған соң 30 минут ішінде аппеляцияға тапсыруға болады.
Тестілеу уақыты - 3 сағат 55 минут, тапсырмалар саны - 130.
Комиссия оқуға түсушіні тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін немесе бөгде адам арқылы тестілеуді тапсыруға тырысқаны үшін кешенді тестілеуге жібермеуі мүмкін.
Тестіленушілерді кіргізу және отырғызу кезінде санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады.
Ақпарат көзі: @edu_news_qz
Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|