қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.03.2023

Тараз қаласында өткен семинар

 

2023 жылдың 16 наурызында Педагогика және психология институтына қарасты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі У.Қ.Қияқбаева, доцент Г.З.Таубаева, «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының 2 курс докторанты Айжан Ауэзова мен осы мамандықтың 1 курс магистранты Динара Амиржанова тәжірибе алмасу мақсатында Тараз қаласындағы №17 балабақшада семинарға қатысты. Семинарда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеніңі профессоры Рысты Керімбаева «Мектеп жасына дейінгі балаларды бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеуде қазақ халқының ұлттық құндылықтарын пайдалану» тақырыбындағы облыстық гранттық жобасының жаңа өнімдерімен таныстырды. Сонымен қатар, №17 бөбекжай-бақшаның меңгерушісі М.Р.Балтабаева, әдіскер Н.Р.Исаханова, психолог З.Б.Сматова, педагог Б.Б.Әмірбек және педагогикалық ұжым балалармен жүргізілген іс-шаралар мен авторлық ойыншықтармен таныстырды.

 

Семинардың мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халқының ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, ата-бабалардан қалған асыл мұраларды сақтау, дәріптеу, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болды.

 

Семинар соңында Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері Тараз қаласының №17 балабақшасымен алдағы уақытта меморандум жасалатындығы және атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=