қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.03.2023

Онлайн-дәрісте студентке орталықтандырылған оқыту мәселесі талқыланды

 

Педагогика және психология институты онлайн-дәрісхана аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Надежда Жиенбаеваның «Білім беру процесін цифрландыру жағдайында студентке орталықтандырылған оқытуды трансформациялау» дәрісін ұйымдастырды.

 

Кездесу барысында профессор студентке орталықтандырылған оқытудың тұжырымдамасын, негізгі элементтерін, дидактикалық тетраэдр, цифрлық платформалардың мүмкіндіктері сияқты сұрақтарды қарастырды.

 

Қатысушылар Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамының студентке орталықтандырылған оқытуды жүзеге асыру даярлығы бойынша жүргізілген диагностика нәтижелерімен және мәселенің шынайы жағдайымен танысты. Кездесуге қатысушылар аталған диагностикалық құралдармен қызығып, сұрақ-жауап форматтағы әңгімелесуде өздерінің көзқарастарымен бөлісті.

 

Іс-шара соңында модератор, институттың ғылым жөніндегі директор орынбасары Абсатова М.А. кездесудің нәтижесін түйіндеп, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Д.Н. Біләловтың атынан алғыс сөздерін жеткізіп, Алғыс хат табыстады.

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

  alt=