қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.03.2023

Абай университеті және Қоқанд педагогикалық институтының арасындағы ғылыми-білімдік коллаборация

 

Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры М. А. Абсатова 2023 жылдың 13 наурызында Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасының доцент м.а. У.Ж. Иулдошев ұйымдастырған бірлескен ғылыми-білім беру семинарына белсенді қатысты.

 

Семинар ұлы ойшыл әл-Фарабидің педагогикалық мұрасына арналды. Қоқан институтының педагогикалық мамандықтарының студенттері топтық жұмыста интерактивті тапсырмаларды сәтті орындап, талқыланатын тақырып бойынша jamboard онлайн тақтасында топтық жұмыстың тиімділігін көрсетті.

 

Семинарда сондай-ақ Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық университетінің профессоры Е.В. Гнатышина цифрлық кеңістіктегі заманауи проблемаларды қайта қарау туралы баяндама жасады.

 

Студенттер теориялық білімдерімен бірге практикалық цифрлық дағдыларын да көрсете білді. Педагогикалық жоғары оқу орындарының ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамыту Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілетті және табысты тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=