қазақша · русский · english
   
  Main  News
10.03.2023

Абай университетінің студенттері «Февральский натюрморт» байқауында жүлделі орындарға ие болды


2023 жылдың 9 наурызында Өнер, мәдениет және спорт институтының көркем білім кафедрасы студенттері сурет және қолданбалы өнер шығармашылығынан Вильнюс қаласында (Литва) өткен «Февральский натюрморт» Халықаралық байқауына қатысып, сурет және қолөнер шығармашылығынан жүлделі орындарды иеленді.


Байқау нәтижесінде 1 курс студенті Сымбат Алимбаева «Қозы Көрпеш және Баян сұлу» тақырыбындағы жұмысымен 1-ші орынды; 2 курс студенті Қасымбек Бану - «Самовар» тақырыбымен 2-ші орынды; «Туған жер» пейзажын ұсынған 1 курс студенті Еркін Темірлан 3-ші орынды; 2 курс студенті Дамира Ильясова «Туған жер» тақырыбындағы жұмысымен 3-ші орынды иеленді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=