қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
17.02.2023

Жас ғалым күрделі жобаға жетекшілік етеді

 


 

«Жас ғалым» жобасы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру иегері, Абай университетінің Тарих және құқық институты академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Дария Асымова қоғам үшін өте өзекті «ХХ-ХХІ ғасырдың отбасы тарихының ретроспективасы: Қазақстандағы дәстүрлер мен модернизмнің визуалды болмысы» жобасының жетекшісі. Ғылыми кеңесшісі - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тенлик Далаева.

 

Жобаның мақсаты - әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қазіргі отбасындағы дәстүрлер мен модернизмнің үйлесімін микротарих тұрғысынан, қазақ отбасының өмір салтын ХХ-ХХІ ғасырлардағы көрнекі дереккөздерге сүйене отырып зерттеу, отбасылық әдет-ғұрыптарды өзгертудің тарихи жолдарын және олардың мәнін, үйдегі материалдық ортаның бірлігін, отбасы мүшелерінің іс-әрекеті мен тұлғааралық қатынастарын зерттеу.

 

Дария Асымова - болашағы зор жас ғалым. Оның ғылыми қызметінің басым бағыты - әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер.

 

17.02.2023 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com