қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
30.01.2023

Алматыда режиссер Мұрат Есжанмен кездесу өтті

 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дің бастамасымен «Педагогикалық сыныптарды құру» пилоттық жоба аясында «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Оян, қазақ» телехикаяларының қоюшы-режиссері Мұрат Есжан және бас продюссері Айсәуле Әбілдамен кездесу өтті.


Аталған іс-шараны Алматыдағы №81 мектеп-гимназияның ұжымы ұйымдастырды.


Кездесуді кіріспе сөзімен ашқан мектеп директоры Нұрғали Тұрымбетов рухани-интеллектуалдық кеш жоғары сынып оқушылары үшін арнайы ұйымдастырылғанын айтты. Сондай-ақ адам және ұлт тәрбиесінде тарихи кинолардың атқаратын рөлі зор екенін атап өтті.


Өз кезегінде режиссер Мұрат Есжан ғалым-ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбектері, фильмге дайындық барысындағы шығармашылық ізденістері туралы әңгімеледі. Автор фильмді түсіру кезінде алған әсерімен, фильмдегі басты кейіпкер А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеуде және кинотаспаға сценарий жазуда терең ізденіс жасаған фактілерімен бөлісті.


Жиын соңында оқушылар кеш қонақтарымен естелік суретке түсті.

 

30.01.2023 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz