қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.11.2022

Жаһандану заманындағы жастар мәдениетінің көрінісі: әлеуметтік желілердің рөлі


2022 жылғы 7 қарашада Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Ұ.Қ. Арипжанова, Ә.Қ. Батырханова, А.Б. Сарыбаева, Д.О. Аманкелдінің ұйымдастыруымен «Жаһандану заманындағы жастар мәдениетінің көрінісі: әлеуметтік желілердің рөлі» тақырыбында еркін форматта пікір-сайыс өтті.


Пікірсайысқа «Өнер және мәдениет» институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенттері қатысты. Ой алмасу барысында ғаламтордың пайдасы мен зияндары, қоғамдағы әлеуметтік желілерге тәуелділіктің салдары талқыланды. Студенттер қазіргі қоғамдағы маңызды тақырыпты талқылауға белсенді қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=