қазақша · русский · english
   
  Main  News
29.09.2022

Білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдары

 

2022 жылдың 28 қыркүйегінде Абай университетіндегі Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов Академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен бірлесе отырып, институт директорлары және кафедра меңгерушілерімен кеңейтілген жиын өткізді. Басқосуда университеттің білім беру бағдарламалары бойынша 2022/2023 оқу жылының алғашқы айының нәтижесін қорытындылау мен оқу үдерісін оңтайландыру, жетілдіру және цифрландыру мәселелері талқыланды.

 

Жиында Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков бір айда атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқтала келе, университеттің профессор-оқытушылар құрамының «Универ» жүйесімен жүйелі жұмыс жүргізуі, білім алушылармен кері байланыс орнатылуы, сонымен қатар, алдағы қазан айында жасалатын іс-шараларды толық орындаудың маңызды екендігін атап өтті.

 

  alt=