қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.09.2022

Халықаралық ғылыми жоба гранты - Шығыс филологиясы және аударма кафедрасында

 

2021 жылы Түркия Республикасы Ғылым академиясы жариялаған «Түркітану ғылымына қолдау» Халықаралық грант жобасы аясында Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Ерғали Есбосыновтың «Мехмет Акиф Ерсой еңбектерін аударуда лексикографиялық еңбектердің ролі (Сафахат топтамасынан Асым поемасының қазақша аудармасы) - Mehmet Akif Ersoy`un Eserlerini Aktarmada Leksikografik Çalışmaların Rolü (Safahat Künyesinden Asım`ı Kazakҫaya ҫevirme)» тақырыбындағы ғылыми жобасы конкурстық комиссияссының қолдауына ие болып, жеңімпаз атанды. Ғылыми жоба үстіміздегі жылдың қыркүйек, қазан, қараша айына белгіленгенімен, орындалу барысы, жұмыс тәртібі мен көлеміне орай тағы 3 айға ұзартылуы мүмкін.

 

Халықаралық ғылыми жобаның қаржыландырушысы - Түркия ғылым академиясы, орындалатын жер - Кастамону университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультеті, түрік тілі және әдебиеті - қазіргі түркі тілдері кафедрасы. Түрік тарапынан ғылыми жетекші - доктор Туба Далар (Dr. Tuğba DALAR ), техникалық хатшы - доктор Еркан Күлекчи (Dr. Erkan KÜLEKCİ), ғылыми кеңесші - факультет деканы профессор доктор Мехмет Серхат Иылмаз (Prof.Dr. Mehmet Serhat YILMAZ).

 

Е.Есбосынов Халықаралық ғылыми жоба шарттары мен орындалу орнына сай 1 қыркүйекте Кастамону қаласына келіп, Кастамону университеті Гуманитарлық ғылымдар факультеті, түрік тілі және әдебиеті - қазіргі түркі тілдері кафедрасы оқытушы -профессор құрамы және факультет деканымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ғылыми жобының түрік тіліндегі түпнұсқасы мен қазақ тіліндегі аудармасының орындалу тәртібі, әдеби сәйкестігі мен ғылыми аппараты, лексикографиялық деректердің қазақ - түрік және түрік - қазақ тілдеріндегі көрінісі сөз болды.

 

Кездесу барысында Кастамону университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қою, екі кафедра арасында ғылыми және ғылыми - педагогикалық салада тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлық мәселесін қолға алу тақырыбы қарастырылды.

 

  alt=  

 

  alt=