Шығыс тілдерін оқытуға -инновациялық көзқарас
2014 жылдың 29 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Шығыс тілдерін оқытудағы инновациялық бағыт-бағдарлар» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Бұл ғылыми жиынның жұмысына Қазақстанның, Қырғызстанның, Түркияның көрнекті филолог ғалымдары, шығыстанушылар және шетел тілдерін оқыту ісінің мамандары қатысты. Сондай-ақ конференцияда ресейлік жоғары оқу орындарының ғалымдары баяндама жасады.
Пленарлық мәжілісте Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Көптілді білім беру институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Т.Аяпованың, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.У.Жолдасбековтың, Түркия ғалымы, филология ғылымдарының докторы Энвар Қапағанның және т.б. баяндамалары тыңдалды.
Пленарлық мәжілістен соң конференция өз жұмысын секцияларда жалғастырды. Мәжіліс соңында тиісті ұсыныстар қабылданды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
Ақпарат орталығы