қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
14.12.2022

Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы мен №165 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен «Мен өзім үшін ақын аштым» ғылыми үйірмесінің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының аясында Қазақстан Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Сарбаз. Журналист. Жазушы» тақырыбындағы кеш өтеді. Кеш 2022 жылғы 14 желтоқсанда сағат 14.00-де №165 мамандандырылған лицейде (Гагарин көшесі, 193) болады.


Әдеби кештің құрметті қонақтары: жазушының қызы Жаннат Нұршаихова, Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығының консулы, Ресей ынтымақтастық өкілі Татьяна Барышникова, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Светлана Ананьева.