Кандидаттық диссертация қорғаған кезден бастап И.Р. Халитова оқу- тәрбие мәселелеріне байланысты мақалаларды қырғыз, орыс тілдерінде жазса, Ата мекеніне оралған кезден бастап ғылыми-педагогикалық мәндегі еңбектерін қазақ, орыс тілдерінде жазады.
Халитова Исламия Рамазанқызының ғылыми-педагогикалық зерттеу бағыттары кең ауқымды:
- Ғылыми-педагогикалық бағытта жалпы педагогика, педагогиканың тариыхы, этнопедагогика, педагог ғалымдардың шығармашылығы мен өміріне қатысты кітап, мақалалар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді;
- Абайтану саласында бұрын-соңды зерттелмеген ақын мұраларын бала бақшадан бастап жоғары мектепке дейін оқу-тәрбие үрдісіне ендіру, кадрлар даярлауда пайдалану бағытында мақалалар, монографиялары бар;
- Әлеуметтік педагогикада осы салаға алғашқылардан болып қадам басып, ең алғашқы оқу құралдары мен оқу-әдстемелік құралдары студенттерге, магистранттарға арналып жарық көрді;
- Мектепке дейінгі білім беру саласынада да бірқатар еңбектері жарық көріп, солардың ішінде ең алғашқылардан болып Абай мұраларын мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие жұмыстарында пайдалануға арналған әдістемелік құралы, және басқа да ғылыми еңбектері жарияланды;
- Ғалымның мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдеби шығармалары «Менің Спарта мектебім», «Әңгімелер» жинағы бар.
Профессор И.Р.Халитованың 255 мақалалар мен кітаптары, монографиялары, оқу құралдары мен оқу- әдістемелік еңбектері алыс жақын шетелдерде (Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Түркия) жарық көрген 3 импакфакторлы, 3 потенті бар.
Профессор И.Р.Халитова педагог кадрлар даярлауға белсенді араласып, аспирант, ізденушілермен жұмыс істеп келеді: 16 ғылым кандидаты, 2 философия докторы (PhD) және 30 дан астам магистрант даярлады.
Профессор И.Р.Халитова 2000-2011 жж Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика университетінің докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғау кеңесңнде мүшесі болды. Шетелдегі ғылыми кеңестер профессор И.Р.Халитованы оппонент, сарапшы ретінде үнемі ғылыми кеңеске шақырып тұрады.
|