АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ-ДА «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» ТАЛҚЫЛАНДЫ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесі отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуі талқыланды.
Ғылыми кеңес жұмысына Университет ректоры Такир Балықбаев, проректорлар, Ғылыми кеңестің мүшелері және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Кеңейтілген отырыс барысында ректор Такир Балықбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халықына жолдаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінің өзектілігін, стратегиялық сипатын және мұқият талданғанын атап өтті. Мемлекет басшысының ұсынған бастамаларындағы ерекше назар аудартатын үшінші бастама - «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту». Бұл бастама еліміздегі төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада үлкен сұранысқа ие болатын ақпараттық технологиялар, робототехника, нано-технологиялар және т.б. салалардағы жоғары білікті мамандарды даярлауға барлық жағдай жасауға бағытталған. Президент жастарға қамқорлық көрсету мақсатында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп отыр. Осы тұрғыда ректор Такир Балықбаев Университет тарапынан атқарылатын маңызды міндеттерге тоқталып, студенттердің тұратын жеріне жағдай жасау және барынша жатақханамен қамтамасыз ету керектігін атап өтті. Үндеуге байланысты ректор Елбасының бастамаларындағы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жасалынатын нақты үйлестіру механизмдерін әзірлеуді ұсынды.
Елбасының бастамаларын талқылау барысында Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова және Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Раушанбек Әбсаттаров баяндама жасады.
Ғылыми кеңес отырысының соңында Қазақ ұлттық педагогикалық университет ұжымы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуінде жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыру бойынша пікірлермен алмасып, үлкен әлеуметтік маңыздылығы бар және қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, халыққа салық жүктемесін азайту, білім беру сапасын және қолжетімділігін арттыру, микрокредит беру мүмкіндіктерін кеңейту және газдандыру сияқты мәселелерді шешу жолдары ұсынылған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» маңызды стратегиялық құжатын бірауыздан қолдады.
Авторы: Римма Жанбаева
12.03.2018 ж.
Ақпарат көзі: kazgazeta.kz