қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
05.04.2021

Ғылым айы: 120-ға жуық түрлі іс-шаралар өткізіледі


Абай атындағы ҚазҰПУ-да дәстүр бойынша жыл сайын Ғылым онкүндігі өткізіліп тұрады, ал ағымдағы 2021 жылы «Ғылым айы» басталды. Білім беру институттары онлайн форматта 116 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр, оның ішінде 97 ғылыми вебинар, 3 пікірталас, 2 виртуалды экскурсия, 2 көрме, 2 дөңгелек үстел, көрнекті ғалымдармен 2 кездесу, 4 олимпиада, 4 бейнеконференция.

 

Ғылым айын өткізу жоспар-кестесімен Абай атындағы ҚазҰПУ сайтында таныса аласыздар.