
  
Главная /
Объявления
31.03.2021 «Fulbright бағдарламасында халықаралық ғылыми қоғамдастықты дамыту» халықаралық вебинары 
 2021 жылдың 9 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым айы аясында «Fulbright бағдарламасында халықаралық ғылыми қоғамдастықты дамыту» тақырыбында халықаралық вебинар өтеді. 
 Вебинарды ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ пост-докторанты, модератор Баян Сапарғалиева. Iс-шараның басты спикері Кентукки Университетінің Fulbright Visiting Scholar (АҚШ) деканы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (Қазақстан) профессоры Бахыт Алипова. 
 Вебинарға оқытушылар, қызметкерлер, білім алушылар, пост-докторанттар мен университет ғалымдары, қызығушылық танытқан тыңдаушылар шақырылады. 
 Өтетін уақыты: 2021 жылғы 9 сәуір, сағат 09:30 (Алматы уақытымен) 
 Zoom арқылы конференцияға қосылу: https://zoom.us/j/99622401564?pwd=QVhPU2pFZHpTckZJZVJZYXlLaUp4QT09 
 Конференция идентификаторы: 996 2240 1564 
 Кіру коды: 358801 
  |