қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
22.10.2017

Қазақстанда студенттерге арналған «Ұлы дала жастары» жобасы іске қосылды

 

 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарында «Ұлы дала жастары» жобасы іске қосылды.

 

Оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басқару офисінің менеджері Болат Атыбай ҚазҰТУ университетінде өткен дөңгелек үстел мәжілісінде таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Тәрбие және білім бағдарламасы» үш бағыттан тұрады. Сол үш бағыттың біреуі - саналы азамат. «Саналы азамат» бағытының шеңберінде «Ұлы дала жастары» жобасы әзірленді. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстардан жоғары оқу орындары шет қалған болатын. Сол ЖОО-ларды Рухани жаңғыру бағдарламасына қосу үшін осы жоба жасалды. Осы жобадан басқа 21 жоба бекітіліп барлық өңірлерге жолданды. Жобаның мақсаты - еліміз алға қойған міндеттерді жастардың бойына сіңіру», - деді Болат Атыбай.

 

Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» офисінің бас менджері Лаура Іргебаева «Ұлы дала жастары» жобасының идеясын Білім және ғылым министрлігі ұсынып отырғанын айтты.

 

«Негізі бастамашы - ҚР Білім және ғылым министрлігі. «Ұлы дала жастары» жобасы қазан айынан басталды. Жоба жастардың белсенділігін арттыруға, яғни, ғылым, бизнеспен айналысуына жағдай жасау. Оқу орнын бітірген жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі төмен. Не үшін төмен? Осы мәселенің барлығы қамтылатын болады», - деді Лаура Іргебаева.

 

Жиында ЖОО ұстаздарына жоба бойынша өз оқу орындарына ыңғайлы болатын ұсыныс жасап, жұмыс бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

 

Авторы: Алмас Мұқашұлы

22.10.2017ж.

Ақпарат көзі: inform.kz