қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
11.04.2023

Республикалық фестиваліге онлайн-іріктеу өтті

 

2023 жылғы 10 сәуірде Абай университетінің 95 жылдығына орай және жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Студент және сахна» республикалық фестиваліне қатысушыларды онлайн-іріктеу өткізілді.

 

Іріктеу кезеңінде университетіміздің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шынғыс Нұрланов, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Олжас Сақ және жазушы-драматург, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әдебиеті бөлімінің қызметкері Жақсылық Мұратбек әділ төрешілік етті.

 

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес II кезеңге Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «8848» студенттік театры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дебют» студенттік театры, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінен «Мұрагер» студенттік театры, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен «Өркен» студенттік театры, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінен «Шабыт» студенттік театры, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен «Дулати» жастары халық театры жолдама алды.

 

2023 жылдың 22 сәуірінде ақтық кезеңге өткен студенттік театрлар «Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасында бақтарын сынайтын болады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсе