
  
Главная 
Новости
10.04.2023 Абай университетінде ROBO TIME - 2023 республикалық сайысы өтті 
 
 
 Абай университетінде дәстүрлі Ғылым онкүндігі аясында еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында ROBO TIME - 2023 республикалық сайыс өтті. 
 Ұйымдастырушылар - Математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы, Stem-Park зертханасы және Abai Robo робототехника клубы. 
 Іс-шараның мақсаты - білім беруді дамыту, студенттер арасында ғылыми-техникалық шығармашылық пен робототехникаға деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру және танымал ету; робототехникалық бұйымдарды жасау арқылы өзекті мәселелерді шешуге жастарды тарту. 
 Сайысқа жоғары оқу орындарының 8 командасы қатысты: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (ОҚМПУ); М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті; Жұбанов университеті (бір командадан); Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (2 команда); Абай университеті (3 команда). 
 Командалар келесі үш санатта бақ сынасты: «Сызық бойымен жарыс», «Кегельринг-квадро» және «Робосумо» санатындағы роботтар жарысы. 
 Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Абай университеті, 2-орынды ОҚМПУ мен Жұбанов университеті командалары, 3-орынды Әуезов университеті мен Қыздар университетінің командалары иеленді. 
 ROBO TIME - 2023 республикалық сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. 
 10.04.2023 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz  |