қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
28.04.2020

«Біздің жеңіс!» онлайн-акциясы

 

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2020 жылдың 27 сәуірі мен 9 мамыры күндері аралығында «Біздің Жеңіс!» онлайн-акциясы ұйымадстырылады.


Акция үш бағытта жүреді:

- «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!» эстафетасы. Бұл эстафета барысында университет ҰОС, еңбек майданы және тыл ардагерлерінің ерліктері жастар арасында насихатталады;

- «Естелік ізімен/ Дорогой памяти» әскери әндер байқауы. Байқау барысында кез келген қатысушы жанды дауыспен орындалған әнін, видое сүйемелмен @kazupu_zhastary инстаграмм желісіне жолдайды.

- «Мәңгілік даңқ» онлайн-шеруі. Бұл шара барысында әрбір студент немесе оқытушы өз отбасындағы ҰОС ардагерлерін дәріптеп, тағзым жасайды.

 

Өтетін орны: @kazupu_zhastary инстаграмм желісінде.

 

Толық ақпарат алу үшін: Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Д. Ділдабекке (87473049788), Тәрбие бөлімінің инспекторы Б. Шораеваға (87778625533) хабарласуларыңызға болады.

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент