қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
18.11.2022

Серпін беретін жобалар

 


 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесуі барысында еліміздің дамуы білімді жастардың болашағымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

 

Атап айтқанда, Президент қала жас­тарына сапалы және қол­же­тімді білім беру мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін айтты. Осы орайда Үкімет тарапы­нан бұл бағытта үлкен жұмыс­тар іске асып жатқанын және соң­ғы жылдары білім мен ғылым­ды дамытуда айтарлықтай ілгері­леу­шілік бар екенін атап өткім келеді.

 

Қазақстанда жаңа ғасырда техника мен ғылым саласы өте жоғары деңгейге көтеріледі деген сенім зор. Ғалымдардың ізденістері, ашқан жаңалықтары, өнер­тапқыштардың еңбегі мен жаңа­лықтары - кез келген мемлекеттің гүлденуінің кепілі. Сондықтан Президент ғылыми жаңғырудың жаңа толқынына дем бере отырып, осы жолдағы игі жобаларға жол ашып отыр. Жастар білімге бел­сенді ұмтылумен қатар техника тілі мен заманауи технология­ларды меңгеретіні сөзсіз. Әрине, озық идеялар мен стартап-жобалар­ды жүзеге асыру, жастарды білім мен ғылым жолына бағыт­тау, оларға бәсекеге қабі­летті болуға көмектесу педа­гог­тер мен ғалымдардан жоғары біліктілік талап етілетіні анық.

 

Елімізде педагогикалық білім бе­руді дамыту, сапалы кадрлар даярлау ба­ғытында да жауапты міндеттер тұр. Мемлекет басшысы қоғамды дамыту үшін педагогтердің рөлі, олардың мәртебесін көтеру туралы үнемі айтып, нақты шараларды назардан тыс қалдырған емес.

 

Авторы: Дархан Біләлов,

Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы-ректор

18.11.2022 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz