
  
Главная /
СМИ о нас
09.04.2021 «Пандемия кезіндегі студенттердің негізгі сенімдері» вебинары 
 2021 жылдың 6 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлтттық педагогикалық университетінде Ғылым айы шеңберінде «Пандемия кезіндегі студенттердің базистік сенімдері» тақырыбында ғылыми онлайн-вебинар болып өтті. Іс-шара «7M03105-Денсаулық психологиясы психотерапия негіздері» мамандығының магистранттарымен бірге өткізілді. 
 Вебинарды ұйымдастырушылар: ҚазҰПУ-дың Постдокторанты, жетекші модератор - Сыздықбаева Айгүл Жұманазарқызы, спикерлер-Нариман А., Мусанова А., Саримов Н., Сейтқалиев Ж. 
 Іс-шара барысында «негізгі сенімдер» феномені, пандемияның білімалушыларға өзін және әлемді қабылдауына әсері қарастырылды. Магистранттар осы мәселе бойынша ЮНЕСКО-ның зерттеулерін мысалға келтіріп, өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті және туындаған жағдайды интерактивті тренинг арқылы жеңудің жолдарын ұсынды. 
  |