
 
|  Главная /
Объявления 
17.09.2018 «6D010900 - Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші М.А. Муратбекованың диссертациялық жұмысын қорғауы өтеді 
 Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесіне «6D010900 - Математика» мамандығы бойынша ізденуші Муратбекова Молдир Абдразаковнаның «Студенттердің ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттерін «Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер» курсын оқыту процесінде қалыптастыру әдістемесі» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді. 
 Диссертациялық жұмыс Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды. 
 Қорғау тілі: қазақ тілінде. 
 Ғылыми кеңесшілер: Турметов Батирхан Худайбергенович - физика-математика ғылымдарының докторы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Математика» кафедрасының профессоры. Сыдықов Бақыт Диқанбайұлы - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасының доценті. Касимов Шакирбай Гаппарович - физика-математика ғылымдарының докторы, М.Улугбек атындағы Ұлттық университеті «Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика» кафедрасының профессоры (Өзбекстан). 
 Рецензенттер: Мүбараков Ақан Мұқашұлы - педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің профессоры. Даулеткулова Айгуль Утегеновна - педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Математика» кафедрасының меңгерушісі. 
 Жұмысты қорғау 2018 жылдың қазан айының 23 жұлдызында сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы 6D010000 - «Білім беру (математика, физика)» Диссертациялық кеңесінде өтеді. 
 Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86 үй, 415 ауд. e-mail: www.kaznpu.kz@mail.ru 
 
 Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба 
 
 
 
 |