
 
|  Main /
Announcements 
08.02.2017 ХАБАРЛАНДЫРУ 
 Құрметті ұстаздар, студенттер мен магистранттар! 
 Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Өмір саған өкпем жоқ...» атты әдеби-сазды кеші ұйымдастырылады. Кештің арнайы қонағы Қазақстан Республикасы кино қайраткері, өнертанушы, профессор Шаяхмет Имашұлы. Кеш барысында бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігін көңілге ұялататын ақын өлеңдері оқылып, қазақ поэзиясының Хантәңірі - Мұқағали Мақатаевтың үздік туындыларының мазмұны мен терең пәлсапалық мағынасын ашу арқылы қылқалам шеберінің шығармашылығы насихатталады. 
 
 
 Ақиық ақынның шығармашылығын сүйетін барша қауымға есік ашық! 
 
 
 Өтетін күні: 2017 жылдың 9 ақпаны Өтетін орны: бас оқу ғимаратының үлкен конференц-залы Басталуы: 11.00-де 
 
 
 
 Ұйымдастырушы: Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы |