қазақша · русский · english
   
  Main  News
26.10.2018

Педагог, ағартушы, лингвист Шамғали Сарыбаевтың 125 жылдығы

 

26 қазан күніАбай атындағы ҚазҰПУ-да педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың 125 жылдығына орай «ХХІ ғасырдың ғылыми-ағартушылық парадигмалары: рухани құндылықтар аясындағы тіл және мәдениет» такырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

 

Конференцияның мақсаты - Қазақстан ағартушылық легінің бастауында тұрған тұлғалардың педагогикалық, лингвистикалық және мәдени мұраларын зерттеп-зерделеуге, гуманитарлық ғылымдар аясында тарихи-мәдени құндылықтар арқылы кеңінен насихаттап таратуға ықпал етіп, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру.

 

Жиынға отандық ғалымдар мен зерттеушілер, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік мекеме және білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

 

Конференция жұмысын ҚазҰПУ ректоры, профессор Такир Балықбаев жүргізіп отырды. Жиынды ашқан университет басшысы Шамғали Харесұлының Қазақ тілі мен педагогика ғылымдарының негізін қалап, қалыптастыруға ерекше үлес қосқан, ғылым мен ғылыми-педагогикалық қызметін қоғамдық өмірмен тығыз байланыста жүзеге асырыған аса көрнекті ғалымдардың бірі әрі бірегейі екенін атап өтті.

 

- Шамғали Харесұлы Сарыбаев - қазақ тілінің тұңғыш әдіскер ғалымы, А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалым. Ол тек қазақ тілі әдістемесі ғана емес, сонымен қатар қазақ әдебиетіне, соның ішінде халық ауыз әдебиетіне де өзінің сүбелі үлесін қосқан. Ғалымның айтыс өнерін дамытып, оны заңдастыруға қосқан еңбегі елеулі, - деді ректор.

 

Жоғары оқу орындарында қызмет еткен жылдары оның қаламынан қазақ тілі мен оның оқыту әдістемесінің түрлі мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалар жарияланды. Кеңестік Қазақстанда мектеп ісін дұрыс жолға қою, мұғалім даярлау, қазақ тілін оқыту әдістемесін жасау сияқты ең күрделі мәселелермен айналысқандығы еске алынды.

 

Жиынға сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезов, Стамбул университеті түрік тілдері және әдебиет бөлімінің жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мехмет Өлмез, Халықаралық Түркі Академиясының Президенті, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Австриядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, сондай-ақҚазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай, зиялым қауым өкілдері қатысып, ғалымШамғали Харесұлының соңына қалдырған мол мұрасын әңгіме өзегіне айналдырды.

 

 

Конференция барысында белгілі алатанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдінің «Көрнекті ағартушы - кемел әдебиетші», ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы Кәрімбек Құрманалиевтің «Тілге қызмет», ҚР ҰҒА академигі Бақтияр Сманодағы баяндамалары тыңдалды.

 

Қазақ ағартушыларының қалдырған мәдени және тарихи мұраларын сақтаудың өзекті мәселелері жайлы, сондай-ақ педагогикадағы дәстүрлі және инновациялық технологиялар жөнінде құнды ақпараттар берілді. «Тілді мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру: теориялық және қолданбалы аспектілер» тақырыбы аясында тереңнен сөз қозғалып, талдаулар жасалынды.

 

Жиынның соңында ректор Такир Балықбаев Рухани жаңғырудың түпкі тамыры Шамғали Сарыбаев сынды тұлғалардың өмірі мен еңбек жолын зерттеуде жатқанын айтып, келтірілген тарихи деректер өскелең ұрпаққа үлкен өнеге бола алатынына сенім білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім