| Бос лауазымның атауы: | Стратегия департаментінің  Даму стратегиясын сүйемелдеу   бөлімінің аға эксперті | 
| Құрылымдық   бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері: | - Стратегиялық   жоспарлау процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету (стратегиялық жоспарлау   бойынша сессияларды, стратегиялық мақсаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шараларды   өткізу, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін пысықтау); - Университеттің   даму стратегиясын әзірлеу;  - Университеттің Даму стратегиясы   бойынша құрылымдық бөлімшелерге консалтингтік қызмет көрсету; - Стратегияны іске асыру жоспарының   орындалуын саралау; - Университеттің   әлемдік рейтингтерге (институционалдық, пәндік, жұмысқа орналасу параметрлері   бойынша және т. б.) қатысуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; | 
| Негізгі   лауазымдық міндеттері: |  - Даму стратегиясын іске асыру жоспарының   мониторингін ұйымдастыруға қатысу; - Стратегиялық   сессияларды, стратегиялық мақсат-міндеттерді әзірлеу   жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, стратегиялық мақсаттарға   қол жеткізу тәсілдерін пысықтауға қатысу; - Стратегияның презентациясын дайындауға қатысу; - Қабылданған Стратегия туралы құрылымдық   бөлімшелерді ақпараттандыруды қамтамасыз етуге қатысу; - Даму стратегиясын іске асыру жоспарын әзірлеу   және орындау бойынша талдау жүргізуге қатысу; - Халықаралық рейтингтерде деректер базасына ақпаратты   енгізу үшін деректерді жинауға қатысу (QS, THE,   Greenmetric WUR және т.б.); - Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басқа мамандарымен және   басшыларымен, сондай-ақ мекемелермен, ұйымдармен және қоғамдастықтармен өзара   қарым-қатынас жасау. | 
| Іссапарларға   шығу: | Қажеттілік   бар | 
| Білімі: | Жоғары,   әлеуметтік-гуманитарлық және техникалық білім Магистр   дәрежесінен төмен емес академиялық дәрежеге ие болған жөн | 
| Талап   етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, басқалары) | Білім беру саласында 1 (бір) жылдан кем емес | 
| Кәсіби құзыреттері: | -   Құжаттамамен жұмыс істей білу; -   Мәтіндік және статистикалық ақпаратты өңдеу және талдау, қорытынды жасау; - құжаттарға аударма жасай білу; орыс тілден   қазақ тілге, т.б. - Командада жұмыс істей білу; - Өз ойын анық және сауатты жеткізу. | 
| Жеке   құзыреттері мен   қасиеттері: | Тез тіл табыса білу, саналылық,   белсенді өмірлік ұстанымы бар, күйзеліске төзімді, креативтілік, ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуы, мұқияттылық, тез үйрену, ұқыптылық, | 
| Мемлекеттік   тілді қоса алғанда, тілдерді білуі (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі) | Қазақ тілі - еркін Орыс тілі - еркін Ағылшын тілі - меңгерген жағдайда    артықшылық болып есептеледі | 
| Компьютерлік   дағдылары: | MS Office   (Word, Outlook), Excel, Google Drive/Docs/Meet, ZOOM, PowerPoint, Prezi,   Canva пакетін жақсы меңгеру, Social Media-мен, электрондық поштамен жұмыс істеу. | 
| Түйіндемені   тапсыру мерзімі: | 22 сәуір 2022 ж. | 
| Керек қызметкерлер   саны: | 1 (бір) | 
| Байланысушы   тұлға: | hrteam@abaiuniversity.edu.kz Кулумбаева Баглан Омарсеитовна +77017291757 |