Профессор Б.Х. Төлеубекованың 70 жылдығына арналған конференция
2020 жылдың 23 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-да заң ғылымдарының докторы, профессор Толеубекова Бақытжан Хасенқызының 70 - жылдығына орай «Елдің Даму стратегиясы контекстіндегі құқықтық жүйені жаңғырту: жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етудің қазақстандық моделі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушы: Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасы.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы,13, 2-этаж, 225 үлкен мәжіліс залы
Уақыты: 10.00