қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
05.06.2019

«Латын әліпбилі қазақ жазуын меңгеру» конкурсы өтеді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен студенттер мен магистранттар арасында «Латын әліпбилі қазақ жазуын меңгеру» конкурсы өтеді.

 

Конкурс латын графикасына негізделген ұлттық әліпби мен емле ережесін бастапқы деңгейде игерудің талаптары мен ерекшеліктерін сарапқа салады. Конкурс үш түрлі тапсырмаларды қамтиды: оқылым, жазылым, тестік бақылау.

 

Конкурста қазылар алқасының мүшелері ретінде латын графикасы мен әліпби мәселелеріне тартылған сарапшылар мен институттың профессор-оқытушылар құрамы шақырылады.


Келем деушілерге есік ашық.

 

Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, 314 ауд.

 

Күні: 6 маусым 2019 жыл

 

Уақыты: сағат 10.00

 

Байланыс телефондары: 87011118597, 87051169397