қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
22.09.2025

«Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті» «Жас кәсіпкер Abai University» Startup-жобалар конкурсы жарияланады


Абай атындағы ҚазҰПУ «Жас кәсіпкер Abai University» Startup-жобалар конкурсын өткізені туралы хабарлайды. Конкурстың мақсаты - кәсіпкерлік белсенділікті дамыту және жас зерттеушілер мен профессорлық-оқытушылық құрамды бизнес-жобаларды әзірлеп, оларды іске асыруға қатысуға ынталандыру.


Конкурсқа қатысу кезеңінде жобаны ұсынып, өтініш беретін кандидатқа қойылатын талаптар келесідей:

- Университеттің білім алушылары, яғни 1-3 курс студенті, 1 курс магистранты, 1-2 курс докторанты және жасы 40-тан аспаған (40-жастағыларды қоса алғанда) постдокторант;

- Жасы 40-тан аспаған Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы (40-жастағыларды қоса алғанда);


Өтінімдер 2025 жылғы 23 қыркүйегінен 21 қазанына дейін қабылданады (демалыс күндерін есепке алмағанда 21.10.2025 жылғы, уақыты 23:59).

Өтінімдер келесі сілтеме және төменде көрсетілген электрондық пошта бойынша электрондық форматта беріледі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfcQUyBAvBb34GnBEMhF3ZrOFhE_eZ0OzLOUVO5fORnKQCgQg/viewform?usp=dialog , электрондық пошта: abayventure@abaiuniversity.edu.kz


Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, мекенжайы бойынша орналасқан Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментінің Коммерцияландыру кеңсесіне (№ 209 кабинет) хабарласуға болады.


Байланыс деректері: 8-775-7744504, 8-776-964-57-57

Ануар Накисбеков, коммерцияландыру кеңсесінің жетекші маманы

Кенжебаева Улпан, коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі

Электрондық пошта: abayventure@abaiuniversity.edu.kz


Конкурстық құжаттама